Текст
08.04.2026
Шуйский ауылының жалпы білім беретін мектебінде 10–11 сынып оқушыларына арналған АПҚО сабақтары аясында «Желідегі қауіптер. Қорғану ережелері» тақырыбында сабақ өткізілді. Іс-шара барысында жоғары сынып оқушылары интернет желісінде кездесетін негізгі қауіптерді талқылады: алаяқтық, фишинг, зиянды бағдарламалар, сондай-ақ жеке деректердің таралуы.
Оқушыларға желідегі қауіпсіз мінез-құлық ережелері, жеке ақпаратты қорғаудың маңыздылығы және күмәнді сілтемелер мен хабарламаларға мұқият қарау қажеттілігі туралы түсіндірілді.
Сабақ оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттыруға, интернет кеңістігінде жауапты әрі қауіпсіз мінез-құлықтарын қалыптастыруға бағытталды. 🔐💻