02.04.2026
1 сәуір — Халықаралық құстар күніне орай Шуйский ауылының жалпы білім беретін мектебінде «Құстар — біздің қанатты достарымыз» атты экологиялық акция өтті. Іс-шара Ақмола облысы білім басқармасының «Туризм, дене шынықтыру, бастапқы әскери-техникалық дайындық орталығы» КММ жоспарына сәйкес ұйымдастырылды.
Акция аясында оқушылар табиғатқа және құстарға ұқыпты қарауды қалыптастыруға бағытталған түрлі іс-шараларға қатысты. Оқушылар құстардың экожүйедегі рөлі, табиғи тепе-теңдікті сақтаудағы маңызы, сондай-ақ құстарға қамқорлық жасаудың қажеттілігі туралы білді.
Балалар ұя жасайтын жәшіктерді (скворечник) жасап, оларды орнатуға белсене қатысты, құстардың ұяларына қалай дұрыс күтім жасау керектігін және оларды немен қоректендіруге болатынын талқылады. Өткізілген іс-шаралар оқушыларға құстар мен қоршаған ортаны қорғаудың маңызын тереңірек түсінуге көмектесті.
Акция танымдық тұрғыда өтіп, оқушылардың үлкен қызығушылығын тудырды. Бұл шара табиғатқа қамқорлық әрқайсымыздан басталатынын тағы да еске салды. 🐦🌿