Текст
20.03.2026
«Наурызнама» онкүндігін мерекелеу жоспары аясында 4-сынып оқушылары «Шаңырақ – отбасының тірегі» челленджіне қатысты.
Іс-шараның мақсаты — отбасылық құндылықтарды нығайту, салт-дәстүрге құрмет қалыптастыру және әр адамның өміріндегі отбасының рөлін түсіндіру. Оқушылар үлкен қызығушылықпен шығармашылық жұмыстарын дайындап, өз отбасылары, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлері туралы әңгімеледі. Суреттері, қолөнер бұйымдары арқылы балалар жақындарына деген сүйіспеншілік, қамқорлық және алғыстарын білдірді.
Челлендж жылы әрі достық атмосферада өтіп, балалардың ұлттық мәдениет пен халықтың рухани мұрасына деген құрметін тәрбиелеуге бағытталған маңызды шаралардың бірі болды.
#Nauryznama2026
#ҰлыДалаНаурызы