Текст
20.03.2026
Наурызнама онкүндігін мерекелеу бойынша іс — шаралар жоспары аясында 7 сынып оқушылары танымдық іс-шараға - Қазақстан мұражайлары бойынша виртуалды экскурсияларға қатысты. Балалар қазақ халқының салт-дәстүрлеріне, тұрмысы мен тарихына арналған экспозицияларын көріп, елдің бай тарихи-мәдени мұрасымен танысты.
Экскурсия барысында оқушылар белгілі мұражайларға "барды", Қазақстанның өткені туралы қызықты фактілерді білді, бірегей экспонаттарды көрді және ой-өрістерін кеңейтті. #Nauryznama2026
#ҰлыДалаНаурызы