"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Шуйский ауылының жалпы орта білім беретін мектебі"КММ    
КГУ "Общеобразовательная школа села Шуйское отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Отбасы-бақыт бесігі"

20.03.2026

Наурыз мерекесіне арналған іс — шаралар жоспары аясында Шуйский ауылындағы жалпы білім беретін мектептің барлық сыныптарында "Отбасы-бақыт бесігі" тақырыбында сынып сағаты өтті.
Іс-шара барысында оқушылар отбасының әр адамның өміріндегі маңызы, жақындарының арасындағы өзара сыйластық, қолдау және сүйіспеншілік туралы айтты. Балалар отбасылық дәстүрлерімен бөлісті, туыстары туралы әңгімеледі, пікірталастар мен шығармашылық тапсырмаларға қатысты.
Сондай-ақ, сынып сағаты аясында үшінші тоқсанның қорытындысы шығарылып, оқушылармен көктемгі демалыс кезінде қауіпсіздік техникасы бойынша әңгімелесулер өткізілді.
Іс-шара отбасылық құндылықтарды нығайтуға,  үлкендерге құрметпен қарауға және ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүрлерді сақтаудың маңыздылығын түсінуге ықпал етті

Просмотров: 51

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст