"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Шуйский ауылының жалпы орта білім беретін мектебі"КММ    
КГУ "Общеобразовательная школа села Шуйское отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстандық оқушылар көктемгі каникулда 11 күн демалады.

13.03.2026

 

📅 2026 жылдың 19-29 наурыз аралығында қазақстандық оқушылар 11 күн бойы көктемгі демалыста болады. Осы кезеңдегі бос уақытты мазмұнды өткізу мақсатында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде жеке тұлғаны жан-жақты дамытуға бағытталған арнайы іс-шаралар кешені жүзеге асырылады.

🏫 Демалыстың әр күні «Наурызнама» онкүндігімен үйлесім тауып, отбасылық құндылықтар мен ұлттық дәстүрлерді дәріптеуге арналады. Оқушылар «Таза Қазақстан» , «Еңбек адамы» және «Заң мен тәртіп» бағыттарындағы танымдық жобаларға қатысады, сондай-ақ дәстүрлі «Жер сағаты» акциясына атсалысып, азаматтық ұстанымдарын бекемдейді.

🛡️ Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету  бағытында да бірқатар іс- шаралар жоспарланып отыр. Ата-аналармен бірлесе отырып жол қозғалысы, өрт қауіпсіздігі және киберкеңістіктегі сақтық шаралары бойынша кешенді түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Просмотров: 199

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст