02.03.2026
Қазақстан Республикасында атап өтілетін Алғыс күні мерекесі аясында Шуйский ауылының жалпы білім беретін мектебінде «Алғыс дегеніміз не?» атты тақырыптық әңгімелесу өтті.
Іс-шара барысында оқушылар 1 наурыз күні атап өтілетін бұл мерекенің тарихымен танысып, оның Қазақстан халқының бірлігін, өзара құрмет пен қолдауды білдіретінін білді. Балалар «алғыс» сөзінің мағынасын талқылап, ата-аналарына, мұғалімдеріне, достарына және жанымыздағы адамдарға «рахмет» айтудың не үшін маңызды екені туралы ой бөлісті.
Оқушылар өмірден мысалдар келтіріп, жасаған жақсы істерімен бөлісті, шағын пікірталасқа қатысып, «Алғыс сөздері» атты шығармашылық тапсырманы орындады. Бұл тапсырмада әрқайсысы өз жақындарына деген ризашылығын білдіруге мүмкіндік алды.
Әңгімелеск жылы әрі достық атмосферада өтіп, оқушылардың бойында адамгершілік құндылықтарды, құрмет пен бірлік сезімін қалыптастыруға ықпал етті.