Текст
24.02.2026
Бүгін мектепте педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға және ұжымда қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыруға бағытталған ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыс жүргізілді.
Іс-шара аясында мектеп психологі эмоционалдық денсаулықты сақтау және эмоционалдық жанудың алдын алу бойынша ұсынымдармен бөлісті. Педагогтерге күйзеліс деңгейін төмендету, тиімді өзін-өзі реттеу, ішкі ресурстарды қалпына келтіру және кәсіби қызмет пен жеке өмір арасындағы тепе-теңдікті сақтау жөніндегі практикалық кеңестер қамтылған жадынамалар таратылды.
Жүргізілген жұмыс қызметкерлердің өз эмоционалдық жағдайына қамқорлық жасаудың маңыздылығы туралы хабардарлығын арттыруға және педагогикалық ұжымның психологиялық әл-ауқатын нығайтуға ықпал етті.