20.02.2026
19 ақпанда біздің мектебімізде мектеп парламенті ұйымдастырған 1–6 сынып оқушыларына арналған мультфильмдер, 7-11 сынып оқушыларына арналған фильмнің көрсетілімі өтті. Бұл жарқын әрі жылы шара барысында оқушылар оқу күндерінің қарбаласынан сәл де болса тынығып, мейірімді кино, күлкі мен достық қарым-қатынас атмосферасына бөленді.
Зал ерекше дайындалды: жайлы орта, үлкен экран, попкорн мен шырындар нағыз кинотеатр әсерін сыйлады. Мектеп парламенті әр қатысушының өзін жайлы сезінуіне және жағымды эмоция алуына барынша жағдай жасады.
Көрсетілім барысында оқушлар қызықты әрі тәрбиелік мәні бар мультфильмдерді тамашалап қана қоймай, кейіпкерлерге жанашырлық танытуға, олардың іс-әрекеттерін талқылауға және маңызды қорытындылар жасауға үйренді. Көрсетілімнен кейін балалар өз әсерлерімен бөлісіп, ұйымдастырушыларға тамаша кеш үшін алғыс білдірді.
Мұндай іс-шаралар ұжымды біріктіруге, бірлескен демалыс мәдениетін дамытуға және мектепте достық пен өзара түсіністік атмосферасын қалыптастыруға көмектеседі. Мектеп парламенті бастамашылдық, жауапкершілік және шығармашылық көзқарас мектеп өмірін жарқын әрі қызықты ететінін тағы бір мәрте дәлелдеді.