Текст
20.02.2026
18–20 ақпан аралығында Көкшетау қаласындағы Жоғары техникалық колледжінде «Табиғатты аяла» атты жас өлкетанушылар, экологтар және натуралистердің облыстық форумы өтті.
Мектебіміздің оқушысы Садвокасова Тамила Атбасар ауданының құрама командасы құрамында қатысып, «Үздік эко-дизайн» номинациясы бойынша II орын иеленгенін мақтанышпен хабарлаймыз.
Оны лайықты жетістігімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да жаңа табыстар, шығармашылық шабыт және биік белестер тілейміз!