"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Шуйский ауылының жалпы орта білім беретін мектебі"КММ    
КГУ "Общеобразовательная школа села Шуйское отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сынып сағаты .

18.02.2026

16 ақпанда Шуйский ауылының жалпы білім беретін мектебінде Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күніне арналған — интернационалист жауынгерлерді еске алу күніне орай сынып сағаты өтті. Сынып сағаты «Тарихқа тағзым» атауымен ұйымдастырылды.

Сынып сағаты барысында оқушылар 1979–1989 жылдардағы Ауған соғысының тарихи оқиғаларымен танысып, Отаннан жырақта әскери борышын өтеген сарбаздардың ерлігі мен батырлығы туралы білді. Оқушылар тақырыптық презентацияны тамашалады.
Ерекше назар ұрысқа қатысқан жерлестерге аударылды. Сынып жетекшілері тарихи жадыны сақтау, Отан қорғаушылардың ерлігіне құрмет көрсету және өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.
Өткізілген іс-шара оқушылардың азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға, өз елінің тарихына және батырлардың рухына құрметпен қарауына ықпал етті.

Просмотров: 142

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст