02.02.2026
«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша Шуйский ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ
«Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызметін көрсетеді.
Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттың телнұсқасын алу үшін жеке тұлға (бұдан әрі – қызмет алушы) қызмет көрсетушіге «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы немесе негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымының кеңсесі арқылы, не «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымы басшысының атына белгіленген нысан бойынша өтінішті немесе электрондық құжат нысанындағы өтінішті жолдайды.
Негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымының қызметкерлері 5 (бес) жұмыс күні ішінде білім туралы құжаттың телнұсқасын береді.
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1. қызмет алушының өтініші;
2. білім алушының туу туралы куәлігі немесе жеке басын куәландыратын құжаты (жеке куәлік, паспорт);
3. тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) өзгерген жағдайда және (немесе) білім туралы құжат бүлінген кезде білім туралы құжаттың түпнұсқасы қоса беріледі.