09.12.2025
Шуйский ауылының ЖББ мектебінде «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында «Заң және жасөспірім» ақпараттық стенді жаңартылды. Онда оқушылардың мінез-құлық ережелері, міндеттері мен құқықтары, нормативтік құжаттар, сондай-ақ қауіпсіздік пен құқықтық мәдениетке қатысты пайдалы жадынамалар орналастырылды.
Стендтің мақсаты — әрбір оқушы мен ата-анаға заңды сақтау, өз әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіну және бір-біріне құрметпен қараудың маңызын еске салу.
Барлықтарыңызды жаңартылған стендке назар аударуға, ондағы ақпаратты саналы әрі заңға бағынатын мінез-құлықты қалыптастыруда пайдалануға және қажет болған жағдайда сынып жетекшісіне немесе құқықтық тәрбиеге жауапты тұлғаға жүгінуге шақырамыз.
Мектептегі тәртіпті, құрмет пен жайлы ахуалды бірге қолдайық.


