Текст
Нан күнін мерекелеу, Бастауыш сыныптар онкүндігі мен Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Шуйский ауылының ЖББ мектебінде «Дастарқандағы нан – жүректегі алғыс» атты сынып сағаты өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – диқандар еңбегіне құрметпен қарауға және нанға деген ұқыптылық сезімін қалыптастыру.
Оқушылар нанның дәннен бастап дастарқанға дейінгі ұзақ жолымен танысып, наубайхана өндірісіндегі мамандықтар туралы білді, мақал-мәтелдер мен өлеңдер оқыды, жұмбақтар шешіп, танымдық бейнероликтер тамашалады.
Сынып сағаты әр адамның дастарқанына нан әкелетін жандарға алғыс сөздерімен аяқталды.