"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Шуйский ауылының жалпы орта білім беретін мектебі"КММ    
КГУ "Общеобразовательная школа села Шуйское отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, сондай-ақ отбасын біріктіру мақсатында Қазақстан Республикасына келгендердің мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алу тәртібі

20.10.2025

«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін .

16 жасқа дейінгі балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдері шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар өз баласын білім беру ұйымдарын анықтау барысында облыстық, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) білім басқармаларына өтініш жасайды және Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға құқық берілген құжатты ұсынады: шетелдік - шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты; 
азаматтығы жоқ тұлға - азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі; 
босқын - босқынның куәлігі;
 паналатуды іздеуші тұлға - паналатуды іздеуші тұлғаның куәлігі;
 қандас – қандас куәлігі.
           Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім басқару органдары 3 тармақта көрсетілген тұлғалардан 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде білім алушыларға бос оқушы орындары бар білім беру ұйымын анықтап, осы Қағидалардың 2 қосымшасына сәйкес нысан бойынша оқуға қолма-қол жолдама береді.
         16 жасқа дейінгі балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдері шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар оқуға жолдама алғаннан кейін білім беру ұйымына қағаз тасымалдағыш түрінде келесі құжаттарды тапсырады: 1) ата-аналардың немесе басқа заңды өкілдердің 3 қосымшасының нысанына сәйкес өтініш; 2) шетелдік және азаматтығы жоқ көрсетілетін қызметті алушылар өздерінің мәртебесін айқындайтын, тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы белгісі бар мынадай құжаттардың бірін ұсынады: аталған құжаттар ұсынылады.
         "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ 175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген № 065/у нысанды денсаулық жағдайы туралы анықтама және "Бала денсаулығы паспорты" 026/у-3 есеп нысаны, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2003 жылғы 24 маусымдағы № 469 бұйрығымен бекітілген № 026/у-3 нысан (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2423 болып тіркелген); 4) орта білім беру ұйымында оқу үшін жолдама; 5) баланың 3х4 см өлшеміндегі фотосуретi 2 дана; 6) үлгерім табельдері немесе ағымдағы бағалардың анықтама-көшірмесі.
            Білім беру ұйымдарының басшылары Қазақстан Республикасының азаматтығын алмаған тұлғалардың балаларын қабылдау кезінде, аталған балалардың ата-аналарынан немесе заңды өкілдерінен осы Қағидалардың 5 тармағында 2) тармақшасында көрсетілген құжаттарды талап етеді. Балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдері құжаттарды ұсынудан бас тартуы кезінде, білім беру ұйымдарының басшылары тез арада ішкі істер органдарын хабардар етеді.
              Білім беру ұйымдары үш күннен кешіктірмей басшылары шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың балаларын оқуға қабылдау туралы мәліметті Ұлттық білім беру дерекқорына орналастырады.

Просмотров: 39


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст