Біз лингвистикалық мектепте ұлттық мұрамызбен тереңірек танысу мақсатында ұлттық аспаптар, ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер тақырыптарын өттік. Бұл сабақтар арқылы біз қазақ халқының мәдени байлығын, тарихи тереңдігін және рухани құндылықтарын жақсырақ түсіндік.
Сабақта домбыра, қобыз, жетіген сияқты ұлттық музыкалық аспаптардың шығу тарихымен, құрылымымен және олардың маңызымен таныстық. Сонымен қатар, асық ату, көкпар, аударыспақ, тоғызқұмалақ сынды ұлттық ойындар туралы қызықты мәліметтер алдық.
Салт-дәстүрлер бөлімінде тұсаукесер, бесікке салу, құда түсу, шашу шашу, бата беру сияқты әдет-ғұрыптардың мәнін түсініп, олардың қазіргі қоғамда да маңызын жоғалтпағанын білдік.
Бұл тақырыптар бізге ата-бабамыздың рухани дүниесіне терең үңілуге, тілімізді, мәдениетімізді құрметтеуге үйретті.
Лингвистикалық мектептің жетекшісі: Садвакасова Н.С.