Текст
Аналар күнін мерекелеу аясында Шуйский ауылының ЖББ мектебінде "Ана сөзі — тәрбие көзі " тақырыбында жалпы мектептік сынып сағаты өтті. Іс-шараның мақсаты - оқушылардың анасына деген құрметін тәрбиелеу, оның әр адамның өміріндегі рөлін түсіну, отбасылық құндылықтарды қалыптастыру және ананың қамқорлығы мен сүйіспеншілігі үшін алғыс айту.