8 мамырда мектепте Отан қорғаушылар күніне және Жеңістің 80 жылдығына арналған сап түзеу және ән байқауы өтті . Іс – шараға қатысушы 1-11 сынып оқушылары, ата-аналар, ата-әжелер жиналды. Әр сынып киім формасын дайындауда шығармашылық танытып, қиялдарын көрсетті. Олар Жеңіс, сарбаздар туралы әндерін жаттап, сапта жүруге үйренді. Байқауды АӘД мұғалімі И.Б. Бентя ашты. Екінші байқау саптан өту болды. Барлық қатысушылар бұл тапсырманы сәтті орындады. Үшінші байқау: ән орындау. Қатысушылардың барлығына бұл байқау қатты әсер етті. Бұл толқу және қуанышты сәттеріне айналды. Көрермендер әр сыныпты қошеметпен қарсы алды.
Байқау қорытындысында қазылар алқасы қорытынды шығарды. Содан кейін мектеп директоры Т.И.Садвокасова барлық қатысушыларға алғысын білдіріп, әрбір қатысушы өзінің ең жағымды қасиеттерін көрсеткенін – жауапкершілік, ұжымда үйлесімді жұмыс істей білу, Отанға деген сүйіспеншіліктерін атап өтті.