Текст
8 наурыз Халықаралық күнін мерекелеу аясында біздің мектептің спорт залында 8,9,11 сынып қыздары арасында көңілді жарыстар өтті. Қыздар екі тең командаға бөлінді- "Қызғалдақтар " және "Бәйшешектер". Іс-шара 8 байқаудан тұрды, онда қыздар үй шаруасымен айналысу дағдыларын көрсетті, мысалы: тазалау, жуу, тамақ дайындау, дүкенге бару. Қазылар алқасының құрамында 10-сынып оқушылары болды: Балтабаев Тамерлан, Миллер Даниэль, Климков Александр, олар әр сайыста берілген ұпайды қатаң қадағалады. Қорытындылай келе, іс-шараға қатысушылар бірдей ұпай жинады, яғни достық жеңіске жетті! Қазылар алқасы барлық қатысушыларды грамоталармен және тәтті сыйлықтармен марапаттады.