Текст
Психология апталығы аясында 8 және 9 сынып оқушылары арасында келесі үш бөлімнен тұратын "Біз және психология" викторинасы өтті:
1.Психология негіздері
2.Эмоциялар және тұлға
3.Қарым-қатынас психологиясы
Сондай-ақ, әр бөлімнің соңында қатысушылар шығармашылық сипаттағы практикалық тапсырмаларды орындады.
Қатысушылар психологиядағы дағдылардың тамаша негіздерін көрсете алды.
Қорытындылай келе, 9-сынып командасы 2 ұпай асыра жеңіске жетті, командалардың әрбір қатысушысы тәтті сыйлықпен марапатталды.
Бұл викторина психология туралы түсінікті дамытуға көмектесті, өйткені психология-үнемі жетілдіріліп отыратын көп қырлы ғылым.