Текст
13 қараша күні қазақ тілі мен әдебиеті апталығы аясында 2 сынып оқушыларымен “Менің мектебім” тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақтың басында өткен жаңа сөздерді сұрау және дұрыс жазуға үйрету мақсатында әріптерден сөз құрастыру әдісін қолдандым. Жаңа тақырыпты қызықты өткізу мақсатында “Мектепке жету” квест ойыны түрінде өткіздім. Оқушылар әртүрлі қиындықтарға тап болып, тапсырмаларды орындай отыра қиындықтардан өтті.
Мұғалім: Садвакасова Н.С.