Текст
15 қараша күні Шуйский мектебінде Қазақ тілі мен әдебиеті апталығы жоспары аясында 5-9 сынып оқушылары арасында мәнерлеп оқу байқауы өтті.Қатысушылар: Амангелді Меруерт 5 сынып, Серік Назерке 5 сынып, Тимошенко Глафира 6 сынып, Серік Абылай 8 сынып, Божко Лидия 9 сынып. Мақсаты: оқушыларды өлең оқи отырып, қазақ халқының тілін, елін, жерін құрметтеуге баулу. Бүгінгі іс-шара балалардың дүниетанымын дамыта отырып, өлең сөзге деген қызығушылықтарын арттыруға мүмкіндік берді. Қазылар алқасының қорытындысы бойынша қатысқан оқушылар жалпы мектеп жиынында марапатталады.